Х ҒАСЫРДЫҢ 40 ЖЫЛДАРДАҒЫ ҰЛЫҚ ҰЛЫС (АЛТЫН ОРДА)МЕМЛЕКЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • А.С.Шакиева Автор

Аңдатпа

Алтын Орда тарихына қатысты ғылыми тұжырымдамаларын қарастыруды талап ететін тарихилық мәні, объективті талдау жүргізуге, тақырыпқа қатысты фактілерді олардың жиынтығында бағалауға мүмкіндік беретін жүйелілік қағидаты мен кеңестік тарихнамасын зерттеуге жақындауға мүмкіндік беретін тұтастық принципі бар ғылыми танымды жұмыстар жатады. Кеңестік тарихи тұғырнамада Ұлық Ұлыс мемлекет тарихының мәселесі күрделі тақырыптың бірі болып табылады. Алтын Орда тарихы кеңестік зерттеуші ғалымдардың еңбегінде коммунистік саясат аясында қатаң бақылауда болды. Татар-моңғолдар шапқыншылығы зардабы Киев Русі мемлекетіне деген теріс әсері, мәдениеті мен шаруашылық сипаты жайлы мәліметтер келтірген еді.
Негізі  жарияланымға шыққан еңбектер Кеңес Одағының Ғылым Академиясы баспасы жүзеге асырып отырды. Ғылыми зерттеу еңбектері тікелей тақырыптық қолжазбаларды да пайдаланып отырды.  Бұл еңбектердің объективлік тұғырын көтеріп отырды деуге болады, алайда Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) мемлекетінің зерттелу тарихына деген біржақты көзқарастан құтылу мүмкін болмады. Алтын Орданың тарихи аспектілердің көп қырлылығы осы ғылыми мәселені шешудің жалпы тарихи сипаттағы, одан әрі зерттеулер жүргізудегі маңыздылығын көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/16/2024

Журналдың саны

Бөлім

Тарих