ТҮРК КЕЗЕҢІНІҢ ҒҰРЫПТЫҚ ЕСКЕРТКІШТЕРІН КЕШЕНДІЗЕРТТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Аңдатпа
Мақалада ерте ортағасырларға тән ғұрыптық қоршаулар мен қоршаулардың көбіне шығыс жақ қабырғасына іргелес орнатылған тас мүсіндерді кешенді зерттеудің маңыздылығы баяндалған. Кіріспеде түрк кезеңіне жататын ғұрыптық ескерткіштердің және тас мүсіндердің зерттелу тарихына қысқаша шолу жасалған. Ескерткіштерді зерттеуде тарихи сабақтастық мәселесіне көңіл бөліну қажеттігі қарастылылған. Рухани мәдениеттің және дүниетанымдық көзқарастардың негізінде қалыптасқан материалдық мәдениет болып табылатын ғұрыптық қоршаулар мен тас мүсіндерді зерттеуде кешенді жұмыстар атқарылған жағдайда толық ақпаратқа қол жеткізуге болатындығы көрсетілген.