ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТАРИХНАМАСЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДАНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Авторлар

  • А.С. Шакиева Автор

Аңдатпа

Ғылыми мақалада Жошы Ұлысы тақырыбына қатысты  тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі тарихнамалық зерттеулер  мен ерекшеліктері зерттеледі. Отандық зерттеушілердің Жошы Ұлысы тарихына қатысты материалдар мен олардың пайдаланған ортағасырлық дерек көздерінің негізінде маңызды тарихи аспектілермен таныстырылады.
Автор мақалада тәуелсіздік кезеңіндегі отандық тарихнаманы екі кезеңге бөліп, оның жанжақты зерттелуі қарастырылады. Автор мақалада Жошы Ұлысы тарихындағы өзекті тұстарын, кейінгі ғасырларда қалыптасқан Қазақ хандығымен байланыстырады. Мақалада осы тақырыптың мемлекеттік дәрежеге көтерілген сәттен бастап, тарихи-идеологиялық және таза прагматикалық, экономикалық себептеріне жан-жақты талдауы жасалынады.
Бұл ғылыми жарияланымда Жошы Ұлысы (Алтын Орда) тарихын зерттеудегі бірегей парадигманы Тәуелсіз Қазақстан кезеңіндегі отандық зерттеушілердің еңбектерінен іздестіріп, қазіргі кездегі тақырыпты зерттеудің дәрежесі көрсетіледі. Жошы Ұлысы тарихына қатысты жаңа теориялық идеялардың топтамасы отандық зерттеушілердің еңбектерінің көмегімен суреттеледі. Қарастырылып отырған мақалада тарих ғылымының зерттеу нысанындағы маңызды тұстары, соның ішінде жаңа «Жошы Ұлысы» тұжырымдамасының қалыптасуы көрсетіледі. Автор мақаланы жазу барысында Қазақстан Алтын Орданың (Жошы Ұлысының) мұрагері» деген жаңа тұжырымдамасы теңдессіз ғылыми дәрежесі жоғары, объективті деп қорытындалайды.-

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/16/2024

Журналдың саны

Бөлім

Тарих