ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНДЕГІ ДӘСТҮРЛЕРСАБАҚТАСТЫҒЫ(«ШАДЖАРА-И-ТАРАКИМЕ» ДЕРЕКТЕРІ БОЙЫНША)
Аңдатпа
Түркі тайпаларының өмір сүру негіздерін, әсіресе оларға тән кеңістікті ұйымдастыру қасиеттерін, жеке өмір сүру мен дамудың шынайы қажеттіліктерін, ауқымды көші- қон мәселесін зерделеу Еуразия кеңістігін мәдени-тарихи тұтастық тұрғысынан түсінуде маңызды.
Ұлы даладағы әлемдік өзгерістердің әлеуметтік салдары сипаты жағынан әртүрлі өркениеттер ошақтарының бірігуіне әкелді. Еуразиялық кеңістіктегі өркениеттің өзара байланысы туралы айта отырып, түркі халықтарының әлеуметтік, гео-тарихи факторларындағы интеграцияның маңыздылығын атап өткен жөн. Мыңжылдықтар бойы қалыптасқан өзара іс-қимыл феномені әлі күнге дейін көптеген ғылыми зерттеулердің негізгі тақырыбы болып табылады.
Түркі халықтарының тарихи байланыстары ежелгі заманнан бастау алып, орта ғасырларда және одан кейінгі заманда дами түсті. Орта ғасырлар бойы түркі халықтарының толқындары бір кездері батыс империясының құрамына кірген елдерге жетті. Бұл тайпалар жаңа отанында орнығуына дейінгі жолында тарихты, дәстүрлер мен дағдыларды сақтап қалды. Олар жаңа жерлерге қоныстанып қана қоймай, өз мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен дағдыларын жаңа әлеммен сабақтастықта дамытты.
Бұл мақала түркі халықтарының рухани мәдениетіндегі дәстүрлердің өзара байланысын зерттеуге арналған. Түркі тілдес халықтардың дүниетанымдық негіздерін қалыптастырудың маңызды аспектілерін талқыланады. Бүгінде ерте түркі тайпаларының этникалық сәйкестігін зерттеу проблемасын ортағасырлық этносаяси процестерді зерделеумен сабақтастықта қарау өзекті болып табылады. Осы тарихи оқиғаларды зерделеу - түркі халықтарының экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси өзара іс-қимылын бастаудың тарихи алғышарттарын анықтауға мүмкіндік береді.