ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ЖЕРЛЕУ-АЗА ТҰТУ ЕСКЕРТКІШТЕРІНЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАН ҒЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕНТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ
Аңдатпа
Мақала қазіргі замандағы Қазақстандағы көне түркілердің жерлеу-аза тұту ескерткіштерінің зерттелу мәселелеріне арналған. Аталмыш уақытта қазақстандық зерттеушілер VI–XI ғасырлардағы түркі тілдес тайпалардың обалы қорымдары мен ғибадат орындарын зерттеуде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Ел аумағының осы тұрғыда біркелкі зерттелмегеніне қарамастан, оның барлық өңірлерінде осы кезеңнің ескерткіштері қазылған болатын, соның ішінде Шығыс, Орталық Қазақстан және Жетісуда ерекше нәтижелерге қол жеткізілді. Мұнда іргелес аумақтарда – Алтай, Моңғолия, Тянь–Шань өңірлеріндегі VI-VIII ғасырлардағы ежелгі түркі мәдениетінің ескерткіштерінде толық ұқсастықтары бар жылқылардың ақымдағы серіктетіп қоюы, қарапайым топырақ қабірлерде жерлеу, сондай- ақ аза тұту орындары ашылды. Сонымен қатар, Жетісу аумағында Қазақстан жерінде ғана емес, бүкіл Орталық Азияда теңдесі жоқ Мерке және Жайсан ғибадат орындары ашылып, зерттелді. Оларда көптеген төртбұрышты ғұрыптық тас каландылар, жерлеу орындары, рәсімдік тас үйінділер, тамғалар және бөлек руналық жазулар табылғаны белгілі. Аталған ескерткіштерді Батыс Түркі және Түркеш қағанаттарының өмір сүру кезеңіне, яғни VII-VIII ғасырларға жатқызуға болады.