МАЖАР МӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕГІ ТҮРКІ МОТИВТЕРІ ФОЛЬКЛОРМЕН ХАЛЫҚ МӘТЕЛДЕРІНІҢ АЙНАСЫНДАҒЫ

Авторлар

  • P.Imre P.Imre Автор
  • N.Abdinassir N.Abdinassir Автор

Аңдатпа

Ескі мәдени дәстүрлерді ғылыми тұрғыдан зерттеу мәдениеттану мен тіл білімінің маңызды міндеттерінің бірі, өйткені аталған құндылықтар әрбір ұлттың рухани байлығын, тарихы арқылы жаңа қырынан ашуға, зерттеуге мүмкіндік беретін бірден-бір кілт аспекттердің бірі болып табылады. Антропологияның төрт саласының ішінде әлеуметтік антропология, этнология немесе этнография деп те аталатын бөлігі бар болса, соның ішінде мәдени антропология, мақаламаыздың негізгі тақырыбы фольклормен тығыз байланысты. Гуманитарлық ғылымдар фольклормен тікелей байланысты болып келеді, және фольклортану арқылы көптеген құнды зерттеулер жүргізіп, жаңа көзқарастардықалыптастыруға болады. Сонымен өатар, фольклор – тірі халықтардың әдет-ғұрпын, салт- дәстүрін, институттарын зерттейтін мәдени антропологияға тікелей қатысты. Антрополог үшін фольклор кез келген халықтың мәдениетін құрайтын маңызды бөліктердің бірі болып табылады, өйткені фольклорды қамтымайтын мәдениет жоқ. Мажар ұлты мен Қазақ ұлтының арасындағы тарихи байланыстарды ескере отырып, екі ұлттың арасындағы байланстың қаншалықты дәрежеде тоғысатынын анықтау мақсатында, тарихшы этнограф, лингвист мамандары ретінде фольклорлық тұрғыдан зерттеу жасап көрілді. Фольклор мен халық мәтелдері мажар мәдени дәстүрлерінің шығыс мотивтерін зерттеудің маңызды көзі болып табылады. Бұл зерттеуде аталған аспектілерді негізге ала отырып, қазақ және мажар халықтарының фольклорын, тілдік және мәдени мотивтерін салыстырмалы түрде зерттеу арқылы Еуропа мен Орталық Азия халықтарының тарихи қарым-қатынасының деңгейін байқауға және дәлелдеуге әрекет жасалды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/18/2024

Журналдың саны

Бөлім

Тарих