ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ: ТАРИХНАМАСЫ ЖӘНЕ ДЕРЕКТЕР

Авторлар

  • Қанат Өскембаев Автор

Аңдатпа

Мақалада Қазақ хандығының құрылуына байланысты ХІV-ХV 
ғасырлардағы кейбір саяси оқиғалар баяндалады. ХV ғасырдың ортасында 
Жетісуда Қазақ хандығы деген атпен енген жаңа саяси одақтың құрылуына 
байланысты аса маңызды этносаяси үдерістер орын алды. Бұл оқиға 
Қазақстанның одан кейінгі бүкіл этносаяси тарихын айқындап, қазақ халқының 
ұлт болып топтасуына, этникалық территориясының қалыптасуына, қазақ 
халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына зор ықпал жасады. 
Сол оқиғаларға қатысты кейбір тарихнамалық және дерекнамалық мәселелерге 
шолу жасалады. Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі 
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек 
Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға 
байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, 
Қадырғали Жалайыри т.б. өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері 
туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне 
байланысты шығыс деректерінің маңызы зор

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/01/2025

Журналдың саны

Бөлім

Тарих