ХІХ ҒАСЫРДА ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ ДІНИ - САЯСИ ЖАҒДАЙ
Аңдатпа
Тарихта халықтарды басып алудың сан алуан әдістері болған. Саяси,
экономикалық және әскери әдістермен қатар, мәдениет пен дін де қолданылды. Осы
мақсатта 18 ғасырда Ресей үкіметі шығыстанушы ғалымдарды пайдаланып, қазақ
халқының мәдениеті мен діни наным-сенімдерін терең зерттеді. Соның нәтижесінде 18
ғасырдың аяғында белгілі бір мәдени, діни және саяси шараларды жүзеге асыра бастады.
Мақалада Патшалы Ресей үкіметінің 19 ғасырдағы қазақ жеріндегі отарлау саясаты
рухани-мәдени жағдайлармен сипатталады. Негізгі дерек көздері мұрағаттық деректер
болып табылады. Атап айтқанда, Татарстанның ұлттық мұрағаты, Орынбор мемлекеттік
мұрағаты, Башқұртстанның мемлекеттік мұрағаты және Астрахан қаласының орталық
мемлекеттік мұрағаты. Сонымен қатар 19 ғасырдағы орыс және қазақ журналдары және
осы мәселелерді бізден бұрын белгілі дәрежеде зерттеген түрік, қазақ, орыс және басқа да
шетел тарихшыларының еңбектері зерттеу нысанасына негіз болды. Тарихи зерттеулер
мақалада көрсетілген дерек көздеріне сүйене отырып жүргізілді.