ЖОШЫ ҰЛЫСЫНДАҒЫ БАРАҚ ХАННЫҢ САЯСИ ТАРИХЫ

Авторлар

  • Нурсултан Арманович Умбетов Автор

Кілт сөздер:

Жошы Ұлысы, Алтын Орда, Барақ хан, Шибанидтер, ТукаТимуридтер, Қажы-Мұхаммед, Жұмадық хан, Махмуд Қожа

Аңдатпа

Бұл мақалада Жошы ұлысындағы Барақ ханның саяси іс-әрекеттері
қарастырылады. 1420 жылдары Барақ хан Жошы ұлысының саяси өмірінде ерекше орын алды. Кейінірек оның ұлы, Жәнібек хан, Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін
қалады. Біздің зерттеуіміз Барақ хан билігінің хронологиясын мен оқиғаларын қайта
құруға, оның одақтастарымен және қарсыластарымен қарым-қатынасына, сондай-ақ оның саяси басқаруын растайтын нумизматикалық деректерді қарастыруға бағытталған. Зерттеуде салыстырмалы талдау, тарихи дереккөздерді талдау, нумизматикалық талдау және деректерді жүйелеу қолданылды. Тарихи шежірелер, жазбалар, нумизматикалық
деректер және қазіргі зерттеушілердің еңбектері Жошы ұлысындағы Барақ хан маңызды рөл атқарған билік үшін күрестің күрделі процестерін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Жұмыс аймақтың саяси тарихын зерттеуге маңызды үлес қосады, оқиғалардың ретін
қалпына келтіреді және Барақ ханның аймақтағы билік қатынастары мен геосаяси жағдайдың қалыптасуына әсерін нақтылайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/03/2025

Журналдың саны

Бөлім

Тарих