ЖЕТІСУ ТҮРКІЛЕРІНІҢ РУЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫ: ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ

Authors

  • Ә.А. Нұсқабай Ә.А. Нұсқабай Author

Abstract

Аннотация. Түрік қағанатындағы саяси-әлеуметтік өмір мен наным-сенім біртұтас болған. Тәңірлік дін Түркі қағанатының мемлекеттік діні болды. Қағанаттың халқы түркі жазуын тұтынып, түркі тілінде сөйледі. Сол тілдегі әйгілі тас қашау жазуларын қалдырды. Күні бүгінге дейін Шығыс Түркістаннан бастап Жерорта теңізіне дейінгі түркі тілдес отызға тарта ұлттардың бір-бірімен аудармашысыз түсінісе алуы сөзімізге нақты дәлел болып табылады. Батыс Түрік қағанатының орталығы Шу өңірінде орналасқан Жайсан және Мерке түрктік ғибадатханаларында жүргізілген кешенді зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жинақталған археологиялық деректерді этнографиялық деректермен салыстыра зерттеу қазақ даласындағы этникалық мәдениеттің сабақтастығын көрсетеді.

Downloads

Download data is not yet available.

Downloads

Published

04/11/2024

How to Cite

ЖЕТІСУ ТҮРКІЛЕРІНІҢ РУЛЫҚ ТАҢБАЛАРЫ: ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ. (2024). MEDIEVAL HISTORY OF CENTRAL EURASIA, 1(2). https://journals.aiu.kz/index.php/mhce/article/view/105