«МОҢҒОЛДЫҢ ҚҰПИЯ ШЕЖІРЕСІ» КІТАБЫНДАҒЫ АНТИЖОШЫЛЫҚ САРЫНДАР
Abstract
мақалада «Моңғолдың құпия шежіресінде» Жошы мен ұлы әрі мұрагері Бату туралы баяндалатын екі оқиға желісі қарастырылды. Біріншіден, Моңғол-Хорзем соғысы алдындағы отбасылық кеңесте Жошы мен Шағатай арасында орын алған келіспеушілік, осы оқиғадан соң Шыңғыс ханның мұрагері болып Үгедей жарияланды. Екіншіден, Русьті, қыпшақтарды және Кавказдағы Аландардың астанасы Магасты жаулап алғаннан кейінгі ұлан- асыр тойда Бату мен Күйік, Бүри және Харкасун араларында орын алған дау-дамайдан соң Күйіктің Үгедейге жіберіліп, әкесінен қорлайтын сөгіс алу оқиғасы баяндалады. Мақала авторы аталмыш екі оқиға автор немесе редактор тарапынан белгілі бір саяси себептерімен құрастырылған деген ойда. Ол моңғол элитасы арасында расыменде болған және белгілі дауды алып оны керекті әлеуметтік, саяси және хронологиялық контексте орналастырып, осы арқылы Төлеліктерден өзге Шыңғысхан ұрпақтары империяны дұрыс басқаруға қабілетсіз екендіктерін көрсеткен.