ӘЛЕМ ТАРИХЫНДАҒЫ «АЛТЫН ОРДА» АТАУЫНЫҢ ШЫҒУТАРИХЫ
Аңдатпа
Мақала тарихи әдебиеттердегі мәліметтер негізінде Еуразия даласының тағдырында елеулі орын алған «Алтын Орда» мемлекетінің атауына қатысты ғылыми тұрғыдан түсініктеме беруге арналған. Тарихи шығармаларда кездесетін ортағасырлық Алтын Орда мемлекеті түрлі атаулармен аталып келді. Мақалада «Алтын Орда» атауының бірнеше ғылыми негізді нұсқалары келтірілді. Соңғы жылдары ортағасырлық мемлекет тарихына деген қызығушылықтың артуымен Қазақстан тарихында рөлі нақтыланып, ғылыми әдебиеттер топтамасының көбеюіне алып келді. Ғылыми айналымдағы жаңа мәліметтер әлем тарихындағы «Алтын Орда» атауының шығу тарихымен таныстырады.