ОРТА ЕДІЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ АЛТЫН ОРДАНЫҢТАУАР – АҚША ҚАТЫНАСТАРЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Аннотация
Еділ Бұлғар мемлекетінің экономикалық дамуында шешуші рөл атқарған Еділ өзені - Ұлы Жібек жолының солтүстік тармағының маңызды байланыс пункттерінің бірі болды. Еділ өзені Каспий теңізіне құяды және Кавказ арқылы Иранмен, Түркістан мен Хорезмнен созылатын ірі сауда жолының үстінде болғандықтан Қытаймен байланысты қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Еділдің ең ірі тармағы Кама (Чулман) Жайық пен Батыс Сібір арасындағы байланысты қамтамасыз етті. Еділ өзенінің бойында VI ғасырдан бастап Скандинавия елдері мен Сасанидтер арасында басталған сауда, бұл саудаға орыстардың қатысуымен дамып, IX-XIII ғасырларда Еділ Бұлғарларының халықаралық саудада үлкен рөл алуына себепші болды. XII ғасырдың басында моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Еділ Бұлғарларының мемлекеті тәуелсіздігінен айырылып, жаңадан құрылған Алтын Орда мемлекенің құрамына енді. Моңғол шапқыншығы салдарынан әлсіреген экономикалық және сауда қарым-қатынастары жаңа мемлекеттің құрылуымен қайтадан жанданып, дами бастады. Әсіресе, XIII ғасырдың 40-50 жылдарында Орта Еділ бойындағы қалалар Алтын Орданың экономикалық және тауар-ақша қатынастарының дамуында маңызды рөл атқарады. Оған дәлел - Жошы ұлысында теңгенің соғылуы, ақшаның кең айналымы, асыл зергерлік бұйымдар, қазандар және ішкі сауданың көлемі мен ауқымын көрсететін басқа да бағалы заттардың болуы.