Журнал туралы
"International Science Reviews. Natural Sciences and Technologies Series" ғылыми журналы 2020 жылдан бастап жарық көрді. Журналдың құрылтайшысы және баспагері "Астана халықаралық университеті" ЖШС болып табылады. Журналға бекітілген мұқаба және мұқаба беттері, баспа логотипі, атауы, нөмірі және ISSN сынды шығыс деректері, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясат, жариялау этикасы және веб-сайты кіреді. Ол жылына төрт рет шығады, Қазақстан Республикасының және шет елдердің аумақтарына таралады. Мақалалар журналдың сайтында таңдауға болатын үш тілдің бірінде орналастырылады: қазақ, орыс немесе ағылшын, ал аннотациялар міндетті түрде барлық үш тілде беріледі.
"International Science Reviews. Natural Sciences and Technologies Series" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркелген. Мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымын есепке қою туралы № KZ93VPY000194042020 куәлік 2020 жылдың 16 қаңтарында берілді.
ISSN мерзімді басылымының халықаралық стандартты нөмірі - 2707-4862.
Журналдың мақсаты - физика, химия, биология, экология, астрономия, география, геология, метеорология, климатология және топырақтану сияқты жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ, журнал ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, инженерия, металлургия, мұнай мен газды өндіру және өңдеу сияқты технологиялары бойынша өзекті зерттеулерді жариялауға бағытталған. Журнал ғалымдар мен практиктер арасында білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ осы салалардағы ғылыми әлеуетті дамытуға ықпал етуге тырысады.
Журналдың міндеттері:
- пәнаралық зерттеулерді ынталандыру және кешенді ғылыми мәселелерді шешу үшін бірнеше пәндерді қамтитын жұмыстар зерттеулерін ынталандыру.
- жариялау этикасы мен ғылыми адалдықтың жоғары стандарттарын сақтау.
- ғылыми сапа мен сенімділіктің жоғары деңгейін сақтау үшін мақалаларға мұқият шолуды қамтамасыз ету.
- бұрын жарияланбаған және басқа журналдарда жариялауға ұсынылмаған түпнұсқа, жоғары сапалы ғылыми мақалаларды жариялау.
- Қазақстан Республикасының аумағында да, одан тыс жерлерде де жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар саласындағы жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таратуға жәрдемдесу.