БҰҚТЫРМА СУ ҚОЙМАСЫНДАҒЫ КӘСІПШІЛІК МАҢЫЗЫ БАРЖЫРТҚЫШ БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚБИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
DOI:
https://doi.org/10.62687/zzgw3519Аңдатпа
Мақалада Бұқтырма су қоймасына қысқаша физикалық-географиялық
сипаттама берілді. Су айдынының ихтиофаунасының түрлік құрамы көрсетіліп, соның ішінде кәсіпшілік маңызы бар жыртқыш балық түрлері бойынша 2023 жылы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері сипатталды. Кәсіпшілік маңызы бар жыртқыш балық түрлерінің негізгі биологиялық көрсеткіштері – жасы, ұзындығы, салмағы, Фультон бойынша қоңдылығы, жыныстық ара-қатынасы, жыныстық жетілуі, ұзындықтық және салмақтық өсу қарқыны талданды. Бұқтырма су қоймасындағы кәсіпшілік маңызы бар жыртқыш балық түрлері бойынша экологиялық-биологиялық зерттеу жүргізу нәтижесінде қорытынды жасалды. Зерттеуді Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі қаржыландырды (Грант №BR23591095).