АУЫЗ СУДЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕМИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
DOI:
https://doi.org/10.62687/xmked041Аңдатпа
Қазіргі уақытта халықты орталықтандырылған сапалы ауыз суменқамтамасыз ету мемлекеттің ең күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Адамдардың ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктері үшін тұтынатын судың құрамы мен қасиеттері оның сапасын және әртүрлі мақсаттарда пайдалану мүмкіндігін анықтайды. Бұл мақалада 1 аптағы Астана қаласы Алматы ауданындағы орталықтандырылған сумен
жабдықтау жүйелерінен алынған ауыз судан алынған үлгілерге физика-химиялық және микробиологиялық талдаулар жүргізілді. Талдау нәтижелерінен ауыз судың сапалық көрсеткіштері МЕМСТ 51232-2003, әдістемелік нұсқаулар 10.05.045.03 «Ауыз суды микробиологиялық бақылау әдістері» талаптарына сәйкес келетінін көрсетті.