ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІНІ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП, НАУҚАСТЫҢ АРНАЙЫ ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІН ҚАШЫҚТЫҚТАН БАҚЫЛАУ
DOI:
https://doi.org/10.62687/32agvm32Аңдатпа
Түйін. Қазіргі кезде жаңа технологияларды пайдалана отырып, науқастардың денсаулық көрсеткіштерін бақылау өте маңызды рөл атқарады. Осындай технологиялар дене температурасы, жүрек соғу жиілігі, тыныс алуы, қан қысымы сонымен қатар ЭКГ сияқты физиологиялық параметрлерді бақылауға көмектеседі. Бұл мақаланың негізгі мақсаты сымсыз сезімтал желілерді қолдана отырып, науқастың жүрек соғысы мен дене температурасын радиотолқындар арқылы дербес компьютерде бақылауға мүмкіндік жасау. Ұсынылған прототиптік жүйе екі сенсорлық түйін мен қабылдау түйінін (базалық станция) қамтиды. Сенсорлық түйіндер радио жиілікті қабылдағыштың сымсыз модулін қолдана отырып, деректерді қабылдағышқа жібере алады. Радиожиілікті трансивер модулі деректерді микроконтроллерден компьютерге беру үшін қолданылады, ал графикалық пайдаланушы интерфейсі (GUI) өлшенген деректерді көрсетуге және дерекқорда сақтауға арналған. Бұл жүйе пациенттің тарихын өте арзан, қарапайым және жылдам жинауға мүмкіндік береді.