СТЕВИЯ ӨСІМДІГІНІҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕКАЛЛУСТАН ӨСІРУ ЖОЛДАРЫ
DOI:
https://doi.org/10.62687/fy1cpz15Abstract
Стевия жапырақтарындағы дитерпенттік стевиолгликозидтерімен танымал. Негізгілері болып табылатын стевиозид және ребаудиозид А қазіргі тамақ өнеркәсібінде табиғи төмен калориялы тәттілендіргіштер ретінде кеңінен қолданылады, олардың тәттілігі сахарозаға қарағанда орта есеппен 250-300 есе жоғары. Стевия жапырақтарынан алынған сығындылар айқын антиоксиданттық қасиеттерге ие. Мақалады стевия
өсімдігінің биологиялық сипаттамалары және өсімдікті каллустан өсіру жолдары туралы мәліметтер келтірілген. Стевия өсіру көлемін ұлғайту перспективалы болып табылады, өйткені көптеген аймақтарда экологиялық таза өнімдердің жоғары өнімін алу үшін жағдайлар бар және оны тамақ өнеркәсібінде кеңінен қолдану халықтың денсаулығын жақсартуға көмектеседі. Құрғақ жапырақ және тәтті гликозидтердің жоғары өнімін алу үшін қажетті жағдайлар, сонымен қатар зертханалық өсіру кезінде де, стевия дақылымен зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде де ескеру қажет факторлар қарастырылады.