Астана қаласының топырақ бактерияларын анықтау және олардың антибиотикке төзімділігін бағалау

Авторлар

  • Жанна Арынтаевна Автор
  • Анна Маллер Автор

DOI:

https://doi.org/10.62687/j1h4s677

Кілт сөздер:

топырақ бактериялары, MALDI-TOF MS, антибиотикке төзімділік, диск-диффузия әдісі, анықтау.

Аңдатпа

Бұл мақалада топырақ микроорганизмдерін бөліп алу және оларды сәйкестендіру әдістемесі, 
сондай-ақ олардың антибиотиктерге төзімділігін бағалау қарастырылады. Зерттеу жұмысы барысында Астана 
қаласының «Жағалау» шағын ауданы мен «Аружан» тұрғын үй кешенінің топырағында тіршілік ететін 
микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігі зерттелді. Топырақ үлгілерінен 10 таза бактерия мәдениеті 
(F1–F10 штамдары) бөлініп алынып, MALDI-TOF масс-спектрометрия әдісі арқылы олардың түрлік 
сәйкестігі анықталды және кеңінен қолданылатын антибиотиктерге (пенициллин, тетрациклин, эритромицин, 
левомицетин) сезімталдық профилі бағаланды. Аудан топырағының микрофлорасын зерттеу нәтижесінде 
топырақ микроорганизмдерінің жоғары әртүрлілігі анықталды. Грампозитивті және грамтеріс бактериялар, 
сонымен қатар спора түзуші формалар да бөлініп алынды. Атап айтқанда, Bacillus megaterium және 
Pseudomonas aeruginosa түрлері сәйкестендірілді. Микроорганизмдерді бөліп алу үшін қоректік орталарға егу 
әдісі қолданылып, одан кейін масс-спектрометрия арқылы сәйкестендіру жүргізілді. Антибиотиктерге 
төзімділікті бағалау Мюллер–Хинтон агарында диск-диффузиялық әдіспен жүргізілді. Зерттеу барысында 
антибиотиктерге төзімділігі бар әртүрлі бактериялық изоляттар анықталды. Алынған нәтижелер топырақ 
экожүйелерінде антибиотикорезистенттілікті бақылаудың маңыздылығын және микроорганизмдердің 
төзімділік механизмдерін одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы – Астана 
қаласының топырағындағы микроорганизмдердің антибиотиктерге төзімділігіне кешенді зерттеу 
жүргізілуінде. 

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

05/21/2025

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 14

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.