ӨСКЕМЕН СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ КӘСІПШІЛІК МАҢЫЗЫ БАР БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторлар

  • Д.Е.Ержанов Автор

DOI:

https://doi.org/10.62687/dm55jd31

Аңдатпа

Аңдатпа: Мақалада Өскемен су қоймасына қысқаша физикалық-географиялық талдау берілді. Су айдынының ихтиофаунасының түрлік құрамы көрсетіліп, жерсіндірілген балық түрлері бойынша ақпарат беріледі. 2021 жылы ихтиологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстары Өскемен су қоймасының Серебрянск, Таловка, Ермаковка, Масяновка және Никольский бекеттерінде жүргізілді. Өскемен су қоймасы ихтиофаунасының ішінде 2021 жылғы ғылыми-зерттеу ауларында кездескен кәсіпшілік маңызы бар тыран, торта, алабұға, көкшұбар мен бозша мөңке балық түрлеріне талдау жүргізіліп, негізгі биологиялық көрсеткіштері сипатталған. 2021 жылы жүргізілген ихтиологиялық ғылыми- зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша қорытынды жасалған. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаржыландырды (грант №BR10264236).

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

03/14/2024