ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕН ТАЯУ ШЫҒЫС МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ӨЗАРА ҚАРЫМҚАТЫНАСТАРЫНА ҚЫСҚАША ТАЛДАУ
Аңдатпа
Мемлекеттік құрылыс процесі аяқталып, ұлттық экономикалар біртіндеп дамып келе жатқандықтан, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдері әлемдік саясатқа барған сайын белсенді қатысуда, мемлекетаралық қатынастарға
көзқарастарды қайта қарауда және өңіраралық саяси-экономикалық
ынтымақтастыққа қызығушылық танытуда.
Бұл ретте еларалық әріптестік сипатына ықпал ете отырып, екі өңір
елдерінің мемлекеттік құрылысында жекелеген проблемалар сақталуда.
Басылымның авторы Орталық Азия мен Таяу Шығыс мемлекеттерінің саяси және экономикалық дамуына қысқаша салыстырмалы талдау жасап, өңірлердің халықаралық қауіпсіздік архитектурасының өзгеруі жағдайында өзара тиімді
ынтымақтастық үшін үлкен әлеуетке ие екендігіне назар аударды.