СЫРДАРИЯНЫҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫНДАҒЫ АЛТЫН ОРДА ДӘУІРІНІҢҚАЛАЛАРЫ: ТАРИХНАМАСЫ, КЕЙБІР НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ

Авторлар

  • А.Х. Хурметбек А.Х. Хурметбек Автор
  • А.А. Молдахмет А.А. Молдахмет Автор

Аңдатпа

Сырдарияның төменгі ағысы ортағасыр археологиясы отандық және шетелдік зерттеулердің ғылыми еңбектерінде аз зерттелген және қамтылған. ХХ ғасырдың 40-60-жылдарында Хорезм археологиялық-этнографиялық экспедициясы Жент, Кескен- Күйік-Қала қалашығында алғашқы барлау қазбаларын жүргізіп, тек оғыз дәуірі ескерткіштерінің археологиясын анықтауға ғана мүмкіндік берді. Сондықтан да бұл зерттеулер сырдың төменгі ағысындағы қалалық мәдениеттің таралу шекараларын шекараларын іс жүзінде нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан мақалада Алтын Ордадәуіріне тән ескерткіштердің топтастырып, жүйелеп, олардың зерттелу тарихына, атқарылған археологиялық жұмыстарға тоқталамыз.
Сонымен қатар мақалада  археологиялық қазба жұмыстарының барысы, қорғау, сақтау және оны аспан асты музейлендіру ісініе байланысты атқарылып жатқан жұмыстар қарастырылады. Археологиялық ескерткіштерді ұзақ әрі жоғарғы деңгейде сақтаудың бірден бір жолы ашық аспан астында музей орнату болып табылады. Археологиялық мұраларды музейлендіру негізінен туризм cаласын дамытып, археологиялық нысандарды жаңа қырынан түрлендіріп қазіргі қоғамға сай пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда археология ескерткішін пайдалану тек қазба барысында ғана емес, білім беру, мәдени және туризмді дамыту мақсатында да қолануға болатындығын түсіндіреді. Сонымен қатар келешекте осы атқарылатын жұмыстардан күтілетін нәтижелерге шолу бар.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

04/17/2024

Журналдың саны

Бөлім

Тарих

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары