СЫРДАРИЯНЫҢ ТӨМЕНГІ АҒЫСЫ БОЙЫНДАҒЫОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Аңдатпа
Мақалада Сырдарияның төменгі ағысының ортағасырлық қалаларда жүргізен археологиялық зерттеу жұмыстары қарастырылды. Сыр суының Арал теңізіне келіп құятын бұл өлке адам тіршілігіне қолайлы болғандықтан ортағасырлар кезінде қалалар мен елді мекендер саны артты. Алайда ескерткіштерде болған тарихи оқиғалардың салдарынан, олардың ежелгі атаулары мен географиялық орныдары өзгеріп отырды. Осы мәселеде ғалымдар кейінгі ортағасырлық ескерткіштердің тарихи атауларымен орындарын анықтап, көлемді археологиялық зерттеулер жүргізіп келеді.
Қазіргі таңда кең көлемді археологиялық жұмыстары жүргізліп келе жатқан қалалар қатарында Қышқала қаласын атап өтеуге болады. Қаланың тарихы ортағасырлық жазба деректерде, алғашқы өлкетанушылық кезеңінде және аңыз әңгімелер бұл қала жайлы өте қызықты деректер табылған.