КЕҢЕС ТАРИХНАМАСЫ: ЖОШЫ ҰЛЫСЫ ТАРИХЫ ЖАЙЫНДА
Аңдатпа
Мақалада Жошы Ұлысы тақырыбына қатысты кеңестік және шетелдік ғалымдардың зерттеулері мен ерекшеліктері қарастырылды. Кеңес тарихнамасындағы Жошы Ұлысы мұрасының тарихи-мәдени, әлеуметтік-экономикалық аспектілеріне тоқталады. Кеңестік дәуірде қалыптасқан бір жақты зерттеулер Жошы Ұлысындағы тарихи құбылыстардың шынайы бейнесін көрсетуге арналған. Кеңес тарихнамасындағы Жошы Ұлысы тарихи мұрасының ғылыми ортадағы зерттеу деңгейіндегі өзгерісіне назар аударылады. Жошы Ұлысында орын алған тарихи оқиғалардың кез-келген тұстары идеалистік тұрғыдан көрсету дәстүрі байқалады. Мақалада ғылыми ортада марксистік- лениндік ілімді негіздеуге байланысты идеологиялық ұстанымдардың Жошы Ұлысы тарихын әсері талданады. Шетелдік тарихнаманың тақырыпты зерттеудегі ғылыми бағытының айырмашылығы көрсетіледі. Мақала кеңестік, шетелдік тарихнамалық еңбектеріндегі Жошы Ұлысы тарихына қатысты зерттеу жұмыстарының тарихи маңызды тұстарын айқындайды.