ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ ГЕНЕЗИСІ(мемлекеттердің пайда болуының шығыс (еуропалық емес) жолының жалпы тұжырымдамасы контекстінде)
Аңдатпа
Бұл мақалада қазақ мемлекеттілігінің генезисі шығыс (еуропалық
емес мемлекеттер) жолының пайда болуының тарихи процесінің жалпы контекстінде қарастырылады. Тарих ғылымында Шығыс тек қана географиялық емес, сонымен қатар, тарихи, мәдени, өркениеттік мағынада қолданылады.
Шығыстағы билік институттарының пайда болуы мен қызмет етуінің ерекшелігі мен табиғаты типологиялық сипаттамалармен, тарихи, идеологиялық, этникалық, әлеуметтік-мәдени, табиғи-климаттық және экономикалық табиғат сипаттамаларымен байланысты. Бұл ерекшеліктер мемлекеттердің пайда болуының шығыс, азиялық (еуропалық емес) жолын құрды. Қазақтардың мемлекеттілігі – бұл ежелгі дәуірден бастап Қазақстан аумағында болған ірі көшпелі империялар мен жекелеген хандықтардың мемлекеттілігінің жалғасы. Мемлекеттіліктің пайда болуы жеке меншіктің және таптық қоғамның қалыптасуымен (еуропалық жол) емес, прото-мемлекеттер сияқты алғашқы саяси құрлымдардың қалыптасуымен, рулық қоғамның біртіндеп дамуы, көшуі нәтижесінде мемлекетке айналуымен байланысты болды. Бұл ерекшеліктер, жалпы көшпелі өркениеттерде, атап айтқанда, қазақтарда мемлекет институты болмаған деген түрлі теориялардың туындауына себеп болды.