Қазақстанда отандық өнімдерді жарнамалау мен сату бизнесін ұйымдастырудыавтоматтандыру әдістері
DOI:
https://doi.org/10.62687/q8c9es94Аңдатпа
Мақалада отандық өнімдерді жарнамалау және сату саласындағы бизнес-процестерді автоматтандырудың теориялық негіздері мен оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері беріледі. Сонымен қатар, отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектесетін заманауи технологиялар мен құралдар қарастырылады. Зерттеудегі негізгі мақсатымыз – отандық өнімдерді жарнамалау және сату саласындағы бизнес-процесстерді ұйымдастыру мен оларды практикада жүзеге асырудың түрлі әдістерін көпшілік қауымға ұсыну, ал, зерттеу объектісі – отандық өнімдер мен тауарларды жарнамалау мен сату болып табылады. Зерттеу жұмысының жаңалығы – Отандық тауар өндірушілерге бағытталған жарнама мен өнімді өткізуді автоматтандырудың инновациялық, яғни жаңаша тәсілдерін
әзірлеу және өмірде қолданысқа енгізу. Сонымен қатар, ұсынылып отырған тәсіл заман талабына сай автоматтандыру әдістерін жергілікті өндірілген өнімдерді жарнамалауға және сатуға бағытталған
бірегей шешімдермен біріктіруді көздейді. Келешекте, зерттеу жұмысының нәтижелерін отандық әртүрлі салада: мысалы, медицинада денсаулықты сақтауға арналған өнімдерді, нақты өнім ретінде «глобал тренд» компаниясының нано-бальзам, Павлов спринг, әйелдерге арналған гель және тағы басқа да өнімдерін, ауыл-шаруашылығында өндірілетін азық-түлік немесе халыққа тұтынуға арналған киім-кешектер мен техникалық құралдар, яғни тауарлық өнімдерді жарнамалау мен сатуды әр-түрлі кәсіпорындар мен компанияларға қолданысқа енгізуге ұсынуға болады деп есептейміз.