Медициналық бейнелерде объектілерді сегментациялау және тану алгоритмдерін нейрондық желілер негізінде әзірлеу және зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.62687/sekswg56Кілт сөздер:
Сегментация, тану, медициналық бейнелер, нейрондық желілер, U-Net, терең оқыту.Аңдатпа
Бұл жұмыста медициналық бейнелерде объектілерді сегментациялау және тану міндеттері үшін
нейрондық желі архитектураларын қолдану қарастырылады. Негізгі модельдер ретінде U-Net, Attention U
Net, DeepLabv3+ және EfficientNet қолданылды, олар ашық медициналық деректер жинақтары BraTS, ISIC
және COVIDx бойынша тексерілді. Оқу нәтижелері, визуализациялар мен салыстырмалы талдау ұсынылған,
сондай-ақ шектеулер мен жақсарту бағыттары, мультимодальды деректерді және self-supervised оқытуды
қолдану мәселелері талқыланады. Модельдерді Dice, IoU, Accuracy және F1-score көрсеткіштері бойынша
эксперименттік салыстыру жүргізілді.