БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПРИНЦИПТЕРІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДА ІСКЕ АСЫРУ

Authors

  • Алина Эрикова Author

DOI:

https://doi.org/10.62687/mx49nx37

Abstract

Аңдатпа: Бұл мақалада қазіргі таңда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру мәселесінің ѳзектілігі кѳрсетілген. Инклюзивті білім беру ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың басқа балалар секілді мүмкіндіктері бар екендігін айқындайды, сол арқылы балалар арасында айқын ажыратуды жасамауға мүмкіндік береді. Биология пәні бойынша инклюзивті білім беруді енгізу мәселесін шешу үшін жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес құрастырылған, арнайы білім беру қажеттілігі бар балалар үшін де, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары үшін де қызықты, әрі танымдық виртуалды зертханалық жұмыстар үлгілері ұсынылады. Биология сабағында зертханалық жұмыстар танымдық белсенділікті дамытудың бір түрі болып табылады. Олар білім алушыларға әртүрлі биологиялық нысандар мен процестерге қажетті зерттеу бақылауларын жүргізуге, талдау жасауға, салыстыруға, қорытынды жасауға немесе жалпылауға мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстарды орындау арқылы оқушылардың ѳздігінен жұмыс істеу қабілетін дамытып, пәнге деген танымдық, ізденушілік қызығушықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Downloads

Download data is not yet available.

Downloads

Published

03/18/2024

How to Cite

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ПРИНЦИПТЕРІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАРДА ІСКЕ АСЫРУ. (2024). INTERNATIONAL SCIENCE REVIEWS. NATURAL SCIENCES AND TECHNOLOGIES SERIES, 2(4). https://doi.org/10.62687/mx49nx37