Құпия ақпаратты алу әдістері мен құралдары
DOI:
https://doi.org/10.62687/mhxnk423Аңдатпа
Мақалада сандық революцияның ақпараттық қауіпсіздікке тигізген әсері мен оның өзекті мәселелері қарастырылады. Конфиденциалды ақпараттың маңыздылығы артуымен қатар, оның қауіпқатерге ұшырау ықтималдығы да жоғарылаған. Киберқару және кибершабуылдар заманауи қауіптердің негізгі түрлеріне айналды, ал бұл шабуылдар қаржылық, беделдік және ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан айтарлықтай залал келтіруде. Мақалада ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу әдістері, соның ішінде техникалық арналар мен электромагниттік сәулеленуді пайдалану тәсілдері сипатталып, ақпараттық жүйелерді қорғау бойынша стратегиялық шешімдер ұсынылған.