Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі маркетингтің рөлі

Авторлар

  • Гизятова А. Ш. Автор
  • М.Ж. Тұрсымбаева Автор

Аңдатпа

Қазіргі әлем тұрақты даму саласында көптеген сын-қатерлерге тап болуда, олардың ішінде 
климаттың өзгеруі, табиғи ресурстардың сарқылуы және әлеуметтік теңсіздік мәселелері бар. Осындай 
жағдайда маркетинг тек коммерциялық мақсаттарға ғана емес, сонымен қатар экологиялық және әлеуметтік 
жауапкершілікке де бағытталуда. Әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына қосылуға ұмтылатын 
Қазақстан тұрақты дамудың қағидаттарын, соның ішінде тұрақты маркетинг элементтерін белсенді түрде 
енгізуде. Алайда, бұл тұжырымдаманы Қазақстанда жүзеге асыру бірқатар қиындықтармен ұштасып, 
кешенді тәсілді талап етеді. 
Мақалада тұрақты маркетинг тұжырымдамасы және оның Қазақстандағы тұрақты даму мақсаттарына 
қол жеткізудегі маңызы қарастырылды. Тұрақты маркетингтің негізгі аспектілері, соның ішінде 
экологиялық, әлеуметтік және экономикалық құрамдастары талданды. Қазақстанда тұрақты маркетингті 
енгізудің тұтынушылардың хабардарлығының төмендігі, "жасыл камуфляж", экологиялық таза тауарлардың 
жоғары құны, мемлекеттік қолдаудың әлсіздігі сияқты негізгі проблемалары айқындалды, және оларды 
еңсеру бойынша авторлармен ұсынымдар жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

06/12/2025

Журналдың саны

Бөлім

Экономика