БАСҚАРУ ШЕШІМДЕРІНҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
Аңдатпа
Бұл мақалада авторлар компания деңгейінде басқару шешімдерін қабылдаудың негізгі
аспектілерін қарастырады. Мақалада басқару шешімдерінің мәні, негізгі түрлері, модельдері,
шешім қабылдау процесі, компаниялар қолдана алатын кезеңдер мен құралдар келтірілген.
Басқару шешімдерін қабылдау процесінің әр кезеңінде нақты жағдайды ескере отырып,
практикалық құралдар әр түрлі болуы мүмкін екендігі анықталды. Мысалы, машиналық оқыту,
сценарийлік талдау, SMART, SWOT және басқалары. Мақалада авторлар компанияның
стратегиясы тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды құруға және ұзақ мерзімді дамуға
бағытталуы керек екенін, сондықтан нарықты, технологияны, тұтынушыларды және ұйымның
күшті жақтарын жан-жақты талдау қажет екенін атап өтеді. Компанияда басқарушылық шешімдер
қабылдау жүйелік тәсіл, бейімделу және икемділік, әр қызметкердің жауапкершілігі және шешім
қабылдау мәдениеті сияқты аспектілермен байланысты