ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ПРОЦЕСТЕ ҚОЛДАНУ:ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШОЛУ
Аңдатпа
Жасанды интеллект (ЖИ) технологияларының жылдам дамуы олардың әртүрлі салаларда, оның ішінде заңнамалық процессінде қолданылу
мүмкіндігіне айтарлықтай қызығушылық тудырды. Үкіметтер заң шығаруды
тиімді әрі нәтижелі етуге тырысатын жағдайда, ЖИ бір жағынан ерекше
мүмкіндіктер ұсынса, екінші жағынан айтарлықтай қиындықтарды да тудырады. Құқықтық реттеу мәселелері, салдардың болжамсыздығы және әлеуметтікэкономикалық аспектілерге әсер ету ғылыми ортада және практиктер арасында
негізгі талқылау тақырыптарына айналды.
Мақалада ЖИ заң шығарудың тиімділігін арттыра алатынына қарамастан, оның енгізілуі заң шығарушылардың дәстүрлі рөлін өзгерту және алгоритмдердің
мүмкін болатын алалаушылығына байланысты ауыр алаңдаушылықтарды
тудыратыны атап көрсетілген. Сонымен қатар, мақала заңнамалық мәтіндердің
сапасын арттыру үшін ұйымдастыру құралы ретінде табиғи тілдерді өңдеу технологияларын зерттейді. Осы тұрғыда мақала ЖИ-дің заңнамалық процессінде
қолданылуын қамтамасыз ету үшін адамдық бақылаудың маңыздылығын және
мүмкін болатын тәуекелдерді жою қажеттілігін атап көрсетеді.