ЕУРОМАЙДАН ЖАҢА ГЕОПОЛИТИКАЛЫҚ ШЫНДЫҚТЫҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТРИГЕРІ РЕТІНДЕ
Аңдатпа
Қазіргі геосаяси мәселелердің бірі – 2014 жылдан бастау алған
украин мәселесі. Содан бері Мәскеу мен Киев арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп, тату көршілік кезеңінен соғысушы тараптар кезеңіне өтті. Ресей мен
Украина арасындағы қақтығыстың ұлттық бірегейлік мәселелеріне, аумақтық дауларға және геосаяси мүдделерге байланысты терең тарихи тамыры бар. Шығыс
Еуропа аймағындағы геосаяси жағдайдың түбегейлі өзгеруі қақтығысқа қатысушылардың барлығының ұлттық қауіпсіздік жағдайын айтарлықтай қиындатады. Украина мәселесі әлемдік державалардың ауқымды стратегиялық мүдделерін көрсетеді және халықаралық саясатқа, қауіпсіздік пен экономикалық
қатынастарға елеулі әсер етеді.