ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ МӘДЕНИ КЕШЕНІ:ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЖӘЙТТАРЫ
Аңдатпа
Тәуелсіздік кезеңінде қазіргі отандық зерттеушілер көне түркі кезеңіндегі (VI–XI ғғ.) Қазақстанның заттай және рухани мәдениетін зерттеуде елеулі табыстарға қол жеткізді десе болады. Олардың басты назары жерлеу-еске алу ескерткіштерін, олардан табылған заттай мәдениет үлгілерін, сондай-ақ ғұрыптық-ғибадаттық орындарымен байланысты тас мүсіндерді, тамға-таңбалар мен еліміздің аумағындағы түркі руникалық жазуларын зерттеуге аударылды. Ескерткіштердің бұл түрлері ежелгі түркі мәдени кешенін барынша сипаттайды, өйткені оларды кешенді зерттеу Қазақстанның ерте ортағасырлық халқының заттай және рухани мәдениетінің келбетін қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Бірақ аталғанның бәрі еліміздің бүкіл аумағында бірқалыпты емес және бірқатар жергілікті ерекшеліктерге ие болды. Егер Шығыс, Орталық Қазақстан және Жетісу аумағында VI-VIII ғғ. тиесілі бұл мәдени кешен Алтай мен Моңғолияның түркі мәдени дәстүрінің тікелей әсерімен дамыса, Батыс Қазақстанда бұл дәстүрдің жергілікті оғыз-пешенег тайпаларының айтарлықтай ықпалы болған. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қоспағанда, Қазақстанның барлық аумағында қаимак-қыпшақ мәдени дәстүрі басым болды, бұл ежелгі түркі дәуірінің соңғы кезеңінің ерекшеліктерін белгілейді. Ал елдің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтардағы X–XI ғасырлардың екінші жартысындағы мәдени жағдай мұнда исламның таралуымен және мәдени үрдістердің бағдарларының өзгеруімен сипатталады.