Талаптар
- Тақырыптық бағыт: Ғылыми мақала таңдалған ғылыми басылымның тақырыбы мен профиліне сәйкес келуі тиіс;
- Өзектілік: Зерттеулер қазіргі заманғы үрдістер мен мәселелерді қамтып, таңдалған саладағы маңызды бағыттарды көрсетуі керек;
- Ғылыми және практикалық маңыздылығы: Жұмыс теориялық және практикалық маңызға ие болып, ұсынылған нәтижелердің жаңашылдығы мен маңыздылығын көрсетуі тиіс;
- Ойдың логикалық құрылымы: Мақала мәтіні құрылымдалған болуы керек, осылайша оқырмандар зерттеудің мақсаты мен міндеттерін, теориясы мен әдістемесін, сондай-ақ автордың ғылыми салаға қосқан үлесін түсіне алуы қажет;
- Материалды баяндау стилі: Мақала академиялық ғылыми стильде жазылуы тиіс. Барлық алынған және арнайы терминдер түсіндіріліп, негізгі ұғымдардың екіұштылығы мен анықсыздығынан аулақ болу ұсынылады.
Мақаланың мазмұны мен рәсімделуіне автор толық жауапты. Талаптарға сәйкес емес рәсімделмеген мақалалар қарастыруға қабылданбайды.
МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР
Мақаланың көлемі библиографияны қоса алғанда кемінде 5 бет, ең көбі 10 бет болуы керек, Microsoft Word бағдарламасында теріледі. Бет форматы – A4 (21 см × 29,7 см), жиектері: жоғарғы және төменгі – 2 см, сол және оң жақ – 2 см. Шрифт – Times New Roman, өлшемі 12 pt. Жоларалық интервал – біраралық (1.0), абзацтық шегініс – 0,5 см. Сөздерді тасымалдауға жол берілмейді. Барлық кестелер, формулалар, суреттер мен әдебиеттер тізімі нөмірленуі тиіс. Математикалық өрнектерді рәсімдеу үшін MathType немесе Equation Editor қолдану ұсынылады. Мақалалар қазақ, ағылшын немесе орыс тілдерінде қабылданады. (Рәсімдеу үлгісі үшін «Мақала шаблонын» қараңыз.) Суреттер, кестелер, графиктер, сызбалар және басқа да көрнекі материалдар мақала мәтінінде тікелей орналастырылуы тиіс. Мысалы, кесте атауы оның үстінде жазылады:
Кесте 1 – Кесте атауы (ені бойынша туралау), ал сурет атауы оның астында көрсетіледі: Сурет 1 – Сурет атауы (ортасына туралау). Мәтінде суретке немесе кестеге сілтеме болуы тиіс (мысалы, «1-суретте көрсетілген...» немесе «1-кестеде берілген...»). Көрнекі материалдардың жалпы саны мақала көлемінің 30%-ынан аспауы керек.
МАҚАЛАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Бірінші жол: НТАМР (МРНТИ) индексі – қолжазбаның жоғарғы сол жақ бұрышында көрсетіледі. МРНТИ кодын тақырыбы бойынша мына сайттардан анықтауға болады: http://grnti.ru/ немесе http://lib.gup.kz.
Мақала атауы: Тақырып мақала мазмұнын нақты бейнелеп, тартымды және қысқа болуы тиіс. Атауы 12 сөзден аспауы керек, жаргон мен қысқартулар қолдануға болмайды. Қалың қаріппен жазылады.
Авторлар туралы мәліметтер: Аты-жөні, жұмыс істейтін ұйымының толық атауы, қаласы, елі көрсетіледі. Егер авторлар бірнешеу және әртүрлі ұйымдарды ұсынатын болса, әр ұйымға сандық индекс беріледі. Жауапты автор жұлдызшамен (*) белгіленеді.
Аңдатпа: Аңдатпаның көлемі 150-300 сөз болуы керек. Онда зерттеу мәселесі мен оның өзектілігі, қолданылған әдістер, негізгі нәтижелер мен олардың маңыздылығы, сондай-ақ алынған нәтижелердің практикалық қолдану мүмкіндіктері көрсетілуі тиіс.
Кілт сөздер: 5-тен 8-ге дейін сөз берілуі қажет.
Назар аударыңыз! Мақала атауы, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпа және кілт сөздер мақаланың негізгі тілінде жазылып, мақаланың басында көрсетіледі. Кейін дәл осы библиографиялық ақпарат мақаланың тіліне байланысты қазақ, орыс және/немесе ағылшын тілдерінде мақала соңында қайталанып берілуі тиіс.
Негізгі бөлім:
Кіріспе (Introduction)
Бұл бөлімде тақырыптың өзектілігі негізделіп, зерттеу мақсаты тұжырымдалады. Зерттеу тәжірибесі сипатталып, тақырыптың таңдалуына себеп болған проблемалық жағдай аталып өтуі тиіс.
Материалдар мен әдістер (Materials and methods)
Бұл бөлімде зерттеуде қолданылған материалдар мен жұмыс процесі сипатталып, пайдаланылған әдістердің егжей-тегжейлі түсіндірмесі беріледі.
Нәтижелер (Results)
Бұл бөлімде зерттеудің нақты мәселесіне бағытталған негізгі нәтижелер баяндалады. Нәтижелер тек мақалада сипатталған зерттеу шеңберінде алынуы тиіс.
Талқылау (Discussion)
Автор алынған нәтижелерді басқа ғалымдардың зерттеулерімен салыстырып, аналитикалық талдау жүргізуі қажет. Зерттеудің артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылуы тиіс.
Қорытынды (Conclusions)
Ғылыми талаптарға сәйкес, автор 3-5 негізгі тұжырымды қорытынды ретінде көрсетуі керек. Сонымен қатар, зерттеу нәтижелерінің практикалық қолдану мүмкіндіктері мен болашақ зерттеулерге ықпалы атап өтілуі қажет.
Алғыс білдіру (Acknowledgments)
Егер зерттеу гранттар немесе мемлекеттік бағдарламалар аясында қаржыландырылған болса, қаржыландыру көздері туралы тиісті ақпарат көрсетілуі тиіс.
Әдебиеттер тізімі (References)
Бұл бөлім «Әдебиеттер» («References» / «Литература») атауымен беріледі және кемінде 10 дереккөзді қамтуы тиіс. Өз еңбектеріне сілтемелер жалпы дереккөздердің 30%-ынан аспауы қажет.
- Қазақ, орыс және басқа да ағылшын тілінен бөлек тілдердегі дереккөздер ГОСТ 7.1-2003 стандарты бойынша рәсімделеді.
- Ағылшын тілінде APA стандарты бойынша рәсімделуі қажет (http://www.bibme.org/citation-guide/APA/book).
- Әдебиеттер тізімі мәтінде алғаш кездесу ретіне сәйкес реттеліп нөмірленеді. Мәтінде дереккөзге төртбұрышты жақшада [ ] сілтеме берілуі қажет.
- Электронды құжаттарға сілтемелер ГОСТ 7.82-2001 стандартына сай рәсімделуі тиіс. Интернет-ресурстар саны 3-тен аспауы ұсынылады.
- Соңғы 10 жылда жарияланған әдебиеттерді қолдану ұсынылады.
- Транслитерацияланған әдебиеттер тізімін қоса беру қажет. Егер мақала ағылшын тілінде жазылып, тек ағылшын тіліндегі дереккөздер қолданылса, транслитерация талап етілмейді.
- Автоматты транслитерация жасау үшін мына ресурстарды қолдануға болады:
МАҚАЛАНЫҢ ТҮПНҰСҚАЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ ЖӘНЕ РЕЦЕНЗИЯЛАУ ҮДЕРІСІ
Плагиатты тексеру: Мақала веб-сайтқа жүктелгеннен кейін StrikePlagiarism.com сервисі арқылы түпнұсқалыққа тексеріледі. AIU ғылыми басылымдарына ұсынылатын мақаланың түпнұсқалығы кемінде 70% болуы тиіс.
Рецензиялау: Плагиат тексерісінен өткен мақала екі анонимді сарапшыға жіберіледі. Рецензиялау үдерісі 1-2 айды қамтиды.
Редколлегияның шешімі: Сарапшылардың қорытындылары негізінде редколлегия мақаланы жариялау, түзетулер енгізу немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда мақала авторларға түзетулер мен толықтырулар енгізу үшін қайтарылады.
Түзетілген мақаланы қайтару: Авторлар ескертулер мен түзетулерді енгізгеннен кейін мақаланы 1 ай ішінде редакцияға қайта жіберуі тиіс.