Жасанды интеллект көмегімен бұқтырма су қоймасының динамикасын модельдеу жәнеболжау
DOI:
https://doi.org/10.62687/qhjwca34Аңдатпа
Бұл жұмыс Бұқтырма су қоймаларының жағдайын бақылау және болжау үшін қашықтықтан бақылау әдістерін қолдануды зерттеуге арналған. Климаттың өзгеруі және су ресурстарына антропогендік қысымның күшеюі жағдайында су қоймаларын тиімді басқару өзекті міндетке айналып отыр. Зерттеу су қоймасының сыйымдылығын, су сапасын және жағалау сызығының өзгеруін бағалау үшін ғарыштық бейнелеу және географиялық ақпараттық жүйелерді пайдалану сияқты заманауи
қашықтықтан бақылау технологияларын зерттейді. Деректерді талдау су деңгейінің өзгеру тенденцияларын анықтауға, сондай-ақ климаттың өзгеруіне және маусымдық ауытқуларға негізделген ықтимал сценарийлерді болжауға мүмкіндік береді. Ұсынылған тәсіл спутниктік суреттердегі резервуарларды дәл анықтау және сегменттеу үшін конволюционды нейрондық желілерді пайдаланады. Деректер жинағы 2000-2023 жылдар
аралығындағы USGS Earth Explorer, ESA Sentinel Data Hub арқылы алынған үлкейтілген кескіндерді
қоса, RGB түсті үлгідегі 196 спутниктік кескіннен тұрады.