AIU студенттерінің экологиялық хабардарлығын бағалау
DOI:
https://doi.org/10.62687/sn900y72Кілт сөздер:
экологиялық сана, студенттік жастар, тұрақты даму, экологиялық мінез-құлық.Аңдатпа
Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуде халықтың экологиялық хабардарлығы
мәселесі маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе Батыс академиялық әлемінде 80-жылдардың басынан
бері кеңінен талқыланғанымен, қазақстандық ғалымдар тарапынан жеткілікті түрде зерттелмеген
[1]. Мақалада AIU студенттерінің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша білім деңгейі мен
көзқарасын анықтау нәтижелері берілген. Анонимді сауалнамаға бірінші курстың 858 студенті
қатысты. Бірқатар шетелдік жоғары оқу орындарының ұқсас зерттеулерімен салыстырмалы талдау
жүргізілді. Зерттеу жалпы экологиялық сананың жоғары деңгейіне қарамастан, университет
студенттерінің экологиялық бастамаларға практикалық қатысуы төмен деңгейде қалып отырғанын
көрсетті. Алынған мәліметтерді студент жастардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған
білім беру бағдарламалары мен науқандарын әзірлеу үшін пайдалануға болады.