Посткванттық криптографиялық алгоритмдерді қауіпсіздік пен стандарттауға қолдану және бағалау критерийлері
DOI:
https://doi.org/10.62687/g9r4gy24Кілт сөздер:
Посткванттық криптография, CRYSTALS-Kyber, Қауіпсіздік алгоритмдері, Кванттық шабуыл, Торлық криптография, Кодтық криптография, NIST стандартыАңдатпа
Бұл мақалада посткванттық криптография саласындағы заманауи алгоритмдерге теориялық
және салыстырмалы талдау жүргізіледі. Қазіргі таңда кеңінен қолданылатын RSA және ECC сияқты
классикалық криптографиялық әдістер кванттық компьютерлердің дамуы нәтижесінде қауіпсіздігін жоғалту
қаупіне ұшырап отыр. Осыған байланысты АҚШ Ұлттық стандарттар және технологиялар институты (NIST)
бастамасымен жаңа посткванттық алгоритмдерді таңдау және стандарттау үдерісі басталды. Мақалада
CRYSTALS-Kyber, CRYSTALS-Dilithium, Falcon, SPHINCS+, BIKE, HQC және басқа алгоритмдердің
құрылымы, қауіпсіздік сипаттамалары, тиімділігі мен қолдану аймақтары қарастырылады. Әр алгоритмнің
артықшылықтары мен шектеулері көрсетіліп, олардың ресурсы шектеулі құрылғыларда қолдану мүмкіндігі
бағаланады. Негізгі әдістер ретінде жүйелік шолу, салыстырмалы және классификациялық сараптама
пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері посткванттық криптографиялық шешімдердің ұзақ мерзімді ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін негіздейді және болашақта қолданылатын стандарттарды таңдауда
бағыт береді.