Ұлытау: Құран, аңыз және тарих үндестігі
Кілт сөздер:
Ұлытау, Қарқаралы, киелі орын, түргеш қонысы, қарлық бірлестігі, Тау хан, Қазылық, Қарқар хан.Аңдатпа
Мақала Сарыарқа төрінде орналасқан Ұлытау, Қарқаралы елді мекендерінің Ұлы Дала
тарихындағы маңызды кезеңдеріне арналған. Аталған мақалада атаулардың қалыптасуы, этимологиясы және
аталған өңірлері көне дәуірден мекен етіп, кейін қазақ халқының қалыптасуына өз үлестерін қосқан түркі рутайпалары жайлы талданады. Авторлар Батыс Түрік қағанатының құрамына кірген ру-тайпалардың, әсіресе
түргеш, қарлықтар қоныстары мен киелі орындар жайлы археологиялық, жазба, тарихи аңыздар, көне түркі,
қытай, араб және парсы жазба деректерін қарастырып, кешенді және пәнаралық байланыста өз тұжырымдарын
ұсынады. Сонымен қатар В. Радлов, Ә. Марғұлан, Ғ. Есім, В. Минорский, Аманжоловтар сияқты зерттеушілер
көтерген негізгі тақырыптар мен мәселелерге ерекше тоқталып, одан әрі зерттеу үшін өздерінің қорытындысы
мен ұсыныстарын береді.